Пәтер үшін өлтірмек болған: Алматыда Үндістан азаматы ұсталды

Ілияс Бақыт

Ол қарт зейнеткерді пәтері үшін өлтіруге тапсырыс берген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

ӨЛТІРУГЕ ТАПСЫРЫС БЕРГЕН

Алматы облысында полиция тапсырыспен кісі өлтірудің алдын алды.

“Облыстық ПД ҰҚҚКБ-ға 51 жастағы күдіктіге қатысты жедел ақпарат келіп түсті. Ол Алматы тұрғынына қарт әйелді өлтіру үшін 10 млн теңге ұсынған. Қылмыстың себебі 2011 жылы жасалған пәтерді сатып алу-сату мәмілесіне байланысты”, – деп хабарлады Алматы облысының ПД. 

ҮНДІСТАННАН КЕЛГЕН ЕКЕН

Қазір тапсырыс беруші ұсталып, қамауға алынған. Күдікті Үндістаннан келген 51 жастағы кәсіпкер.

"Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Алматы облысы ПД УБОП қызметкерлері 51 жастағы күдіктіні ұстап, полицияға жеткізді", деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тапсырыс бойынша кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүргізіліп жатыр.