Қырғызстанда интернет істен шықты - Қазақстанның не қатысы бар

Ілияс Бақыт

Қырғызстанда қазақстандық оператордың желілеріндегі апатқа байланысты интернет өшіп қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

zak-kor.net

АУҚЫМДЫ АҚАУЛАР БАЙҚАЛДЫ

Бүгін Қырғызстандағы интернет жұмысында ауқымды ақаулар байқалды. 24.kg басылымы жазғандай бірнеше компания бірден қиындықтарға тап болды. Операторлар апат туралы сыртқы байланыс арналарында хабарлады.

АПАТ БОЛҒАНЫ РАСТАЛДЫ

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "TNS - Plus" ЖШС қазақстандық операторының желілерінде үзіліс болғанын хабарлады.

“"25 қыркүйекте "TNS — Plus" ЖШС қазақстандық операторының желілерінде Қазақстан — Қырғызстан негізгі бағыты үзілді. Бұдан әрі осы оператордың желілерінде Қазақстан — Қырғызстан резервтік бағыты үзілді. Қазір екі бағыт (негізгі және резервтік) қалпына келтірілді", - деді ҚР ЦДИАӨМ.

Мән-жайларды анықтау үшін жоғарыда аталған компанияның атына ресми сұрау жіберілді.