Миы шайқалған: Астанада әйелдің үстіне үйдің қаптама тақтайшасы құлап кеткен

Қалижан Бектемір

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт маңында тұрған әйелдің үстіне қаптама плитка құлап кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: t.me/astanovka98

Оқиға “Бұқар жырау” тұрғын үй кешенінде болған.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар ақпаратты растады.

27 қыркүйекте жедел медициналық жәрдем бригадасы №1 көпсалалы қалалық ауруханаға 1978 жылы туған әйелді жеткізді. Дәрігерлер тексерісінен кейін зардап шегушінің миы шайқалғаны анықталды. Ол ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа, тұрақты, – деп хабарлады ведомство.

Астана қалалық Полиция департаменті әзірге пікір білдірген жоқ.