Түркістан облысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кортежінің жолына белгісіз біреулер қару-жарақ қойып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
КІМ ТАСТАҒАНЫ БЕЛГІСІЗ
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
ІІМ мәліметтері бойынша, қару-жарақ маршрутты тексеру барысында ІІМ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің күшімен анықталған.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтау және қатысы бар адамдарды ұстау үшін жедел — іздестіру және тергеу іс-шаралары кешені жүргізілуде", - деп хабарлады ведомстводан.
Қосымша ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланған жоқ.