Дағыстандағы жарылыс: елде 28 қыркүйек аза тұту күні деп жарияланды

Сырым Қаржас

Дағыстан Республикасында 28 қыркүйек қаралы күн болып жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Аза тұту туралы Дағыстан Республикасының басшысы Сергей Меликов жариялады. Шенеунік әлеуметтік желілерде 28 қыркүйекті Махачкаладағы жанармай құю бекетінде болған жарылыс кезінде қаза тапқандарды аза тұту күні деп жарияланғанын хабарлады.

«Мен 28 қыркүйекті Дағыстанда аза тұту күні деп жариялауды ұйғардым. Тағы да ауыр қайғыға тап болған отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Ең жақын адамнан айрылудың қандай ауыр екенін, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес екенін жан тәніммен түсінемін. Бірақ мен біз сіздермен бірге екенімізді, біз сіздерге барынша жан-жақты қолдау көрсететінімізді білгендеріңізді қалаймын», деп жазды ол.

Еске сала кетсек, 27 қыркүйекте Махачкалада жанармай құю бекетінде жойқын жарылыс болып, қаза тапқандар саны 12 адамға жетті, оның ішінде біреуі бала. Белгілі болған 15 зардап шегуші жедел түрде жергілікті ауруханаларға жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығы орташа деңгейде жарақат алған.