Алматыда бірнеше белсенді ұсталғаны хабарланды

Ғалиасқар Думан

Бүгін Алматы қаласында 11 белсенді ұсталды. Бұл туралы азаматтық белсенді Абзал Достияров мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж

Белсендінің Facebook парағындағы жазбаға қарағанда белсенділерді топтап Алматы полиция департаментіне жеткізген.

“Алматы полициясы Жанат Қазақбай мен Айдар Мубараковты ұстап, департаментке жеткізген. Қазақбайды адвокат Төлеген Берліқожа қорғап жатыр, ал Айдар Мүбараковты адвокаты Ғалым Нұрпейсов жаңа ғана полициядан шықты, оның айтуынша Мүбараковқа 272-ші баптың 1-ші бөлігімен (жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру) айып тағылып екі айға қамау туралы санкция берілуі мүмкін. Таңертеңнен бері ұсталған басқа белсенділер туралы әзірге ақпарат жоқ. Ерболат Әубікров деген белсендіні де ұстағаны белгілі болды, сонымен бүгін 11 кісі ұсталған” делінген Достияров жазбасында.

Абзал Достияровтың ақпаратынша, бұдан бөлек Ақмарал Шатемірқызы, Нұрлан Темірғалиев, Фазылжан Сыдықов, Азат Төлеухан, Рақыш Тоқмамбетов сынды белсенділер ұсталған. Кейбірін ұстау кезінде үйін тіндіген. Біраз белсендінің ұсталу мерзімі белгісіз.

Кейінірек құқыққорғаушы Бақытжан Төреғожина жексенбіде Алматыда жалпы жиыны 12 адам ұсталғанын хабарлады. Ұсталғандардың бәрі полиция департаментініе жеткізілген.