Ақтауда сержант өзіне қол салған

Ғалиасқар Думан

Ақтау қаласындағы №51809 әскери бөлімінде сержант өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет

МӘН-ЖАЙЫ

“Кей дереккөздердің жазуынша, Ақтау қаласындағы №51809 әскери бөлімінде сержант белгісіз себеппен өзіне қол салған. Әр апта сайын осындай жаңалық оқитын болды” делінген egovpress телеграм арнасында.

Телеграм арна оқиға туралы ықтималды құжаттың суретін жариялады.

Ол жерде Н.Д.Мұханов есімді сержант суицид жасағаны туралы жазылған.

Құжатта көрсетілгендей, оқиға 2024 жылғы 28 қыркүекте болғаны. Сержан өзінің үйінен табылған. Құжатта сержант бала күтіміне байланысты декреттік демалыста болғаны айтылады.

РЕСМИ РАСТАУ

Қорғаныс министрлігі ақпаратты Ulysmedia-ға растады.

“28 қыркүйекте тұрып жатқан пәтерінде Ақтаудағы гарнизон бөлімшелерінің бірінде келісім-шартпен қызмет ететін 1985 жылы туған әскеридің денесі табылды. Әскери қызметкер бір жылдай декреттік демалыста болған.  Алдын ала ақпарат бойынша әскери қызметкер аслып қалу арқылы отбасылық-тұрмыстық себеппен өзіне қол салған. Жағдайдың себебі анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әуе қорғанының күштерінің командасы әскери қызметкердің жақындары мен туыстарына көңіл айтады.” делінген ресми хабарламада.

АРМИЯДАҒЫ ӨЛІМ

Кейінгі жылдары «армияда көз жұмды» деген бір сарбаздың топырағы суымай жатып, екіншісі жан тапсырып жатыр. Жуырда «Оймаша» полигонында оққа ұшқан әкенің «жалғыз ұлымнан айырылдым» деп шырылдаған үні бүкіл қоғамды тағы дүр сілкіндіріп, осы үрейді үдете түскен. Ұзамай 10810 әскери бөліміне барған әскери қызметкер көз жұмған.