«Хезболла». Хасан Насралланың орнына інісі келді

Әлихан Асқақ

Енді аталған ұйымды атқару комитетінің бұрынғы басшысы Хашем Сафиеддин басқарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Бұл туралы әл-Арабия телеарнасы хабарлады. 

ХАСАННЫҢ ҚАЗАСЫ

Қозғалыстың бұрынғы басшысы Хасан Насралла үш күн бұрын Бейруттағы орталық штаб ғимаратына жасалған әуе шабуылынан көз жұмды. Ол ливандық қозғалысты 1992 жылдан бері басқарып келген еді.

Wall Street Journal Насралла өлтірілерден екі ай бұрын Израиль өзінің тыңшыларының Хезболлаға қаншалықты терең енгенін көрсетіп, АҚШ-тан 40 жыл бойы жасырынған жоғарғы қолбасшы Фуад Шукрды өлтіргенін еске салады. Ол Бейруттағы тұрғын үйлердің бірінің жоғарғы қабатындағы пәтерінде әуе шабуылынан қаза тапқан.

ХЕЗБОЛЛА

Хезболла – «Аллаһтың тобы» – ливандық шииттік әскери ұйым және Ливанда Иран үлгісі бойынша Ислам мемлекетін құруды қолдайтын саяси партия. Идеологиясының негізінде Иран Ислам төңкерісінің көсемі Рухолла Хомейни жасаған идеологиясы жатыр. Канада, Нидерланд, Израиль, АҚШ, Мысыр мемлекеттерінде, және ішінара Австралия мен Ұлыбританияда лаңкестік ұйым ретінде танылған. Иран мен Сирия мемлекеттерінің қаржылай және әскери көмегін қолданады.

1985 жылғы манифестінде бұл ұйым өзінің үш негізгі көздеген мақсаты ретінде: «Ливаннан кез келген колониалды құрылымдарды шығарып тастауды», «фалангистерді өз қылмыстарына жауапқа тартуды» және елде Исламдық режимді орнатуды жариялады.

Арабтанушы Георгий Мирский айтқандай[, Ливанда әрекет етіп жүрген топ 1982 жылы сол атаумен аталған ирандық ұйымның филиалы ретінде құрылған.

ХАСАННЫҢ ОРНЫНА КЕЛГЕН ХАШЕМ

Хашем Сафиеддин 1964 жылы Оңтүстік Ливанда дүниеге келген. Ол өзінің немере ағасы Хасан Насралламен бірге Эн-Наджафта теологияны оқыды.

1995 жылы Хашим Сафи ад-Дин Хезболланың атқарушы кеңесіне тағайындалды, ал 2001 жылы оның төрағасы болды. Кеңес "Хезболланың" саяси, әлеуметтік және білім беру қызметіне жетекшілік етеді. ад-Дин сонымен қатар топтың жоғарғы органы саналатын Бас консультативтік кеңестің тоғыз мүшесінің бірі.

2008 жылдың қазан айында ад-Дин жалпы жиналыс отырысында "Хезболланың" Бас хатшысы – Насралланың мұрагері болып сайланды. 2010 жылдың қарашасында ол Оңтүстік Ливандағы Ұйымның әскери қолбасшысы болып тағайындалды.

2017 жылы АҚШ Мемлекеттік департаменті Сафи ад-Динді террорист деп жариялап, келесі жылы оған қарсы санкциялар енгізді.