Күн суытып, дауыл соғады - синоптиктер болжамы

Ілияс Бақыт

"Қазгидромет" синоптиктері сейсенбі, 1 қазанға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде әрі орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. 1-6 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда да төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда да төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының орталығында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскеменде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнап, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Шымкентте түннің бірінші жартысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Түркістанда төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.