Референдум: әскери жағдайға байланысты қазақстандықтар Ливанда дауыс бере алмайды

Аян Өрібай

Қазақстаннан тыс жерде 62 елде 74 учаске құрылған. Сонымен бірге, Ливанда сайлау учаскесін ашпау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

ӘСКЕРИ ҚАҚТЫҒЫС 

Ливанда сайлау учаскесін ашпау туралы шешім қабылданған, өйткені елде толыққанды әскери қақтығыс жүріп жатыр.

– Біз СІМ-мен консультация өткізіп, әріптестерімізден Ливанда бірде-бір учаске ашылмайтыны туралы ақпарат келіп түсті. Ондағы жағдай өте күрделі, әрине, біздің сайлаушыларымыздың, отандастарымыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге болмайды, – деді Ерман.

Басқа елдерде қанша сайлау учаскелері бар? Бұл сұраққа жауап берген комиссия өкілдері бүгінгі таңда 61 елде барлығы 73 учаске ашылғанын атап өтті.

Комиссия хатшысы шетелдегі учаскелердің жұмысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылатынын жеткізді

ЛИВАН 

Еске сала кетейік, бұған дейін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху үндеу жасап, солтүстік шекарасындағы қауіп-қатерге мән бермей отыра алмайтынын, осылайша "Хезболланың" бетін қайтаратынын мәлім еткен еді.

30 қыркүйекте Израиль әскери күштері Ливанның оңтүстігіндегі елдімекенге кіргені белгілі болды.

РЕФЕРЕНДУМ

Еске салсақ, АЭС бойынша референдум биыл 6 қазанда өтеді. 

EGov mobile қосымшасында АЭС-ке қатысты жаңа бөлім құрылды.

АЭС бойынша референдумға 15,5 млрд теңге жұмсалады.