Ulysmedia.kz порталының бұл сұрағына Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов жауап берді.
СМАҒҰЛОВ НЕ ДЕЙДІ
– Бұл мәселе бізде заңда көрсетілген. Референдум өтті деп санау үшін міндетті түрде дауыс бергендер (дауыс беруге жататын жалпы адамдардың) 50 пайыздан асуы керек, – дейді Асылбек Смағұлов.
“Егер аспаса?” деген сұраққа ол заңда жазылғандай, референдум өтпеді деп есептеледі деп жауап берді.
РЕФЕРЕНДУМ
Еске салсақ, АЭС бойынша референдум биыл 6 қазанда өтеді.
EGov mobile қосымшасында АЭС-ке қатысты жаңа бөлім құрылды.
АЭС бойынша референдумға 15,5 млрд теңге жұмсалады.