Кім мықты? Депутат Зайытов пен белсенді Достияров дебат өткізеді

Әлихан Асқақ

Бұл туралы қоғам белсендісі Абзал Достияров жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

дереккөз

Бүгін сенатор Нұртөре Жүсіп пен мәжіліс депутаты Ринат Зайытовты АЭС тақырыбы бойынша дебатқа шақырған едім. Жаңа Зайытов хабарға шықты, шақыруымды естігенін, қалай жасайтынымызды сұрады. Мен бейтарап алаңда кездесейік дедім, ол Абай Сейфолламен сөйлесейін деді, мен оған Абай АЭС-ті қолдайтындарды сөйлетіп жүргендіктен дұрыс болмайтынын айттым. Дұрысы нағыз бейтарап алаң “Политон” пікірсайыс клубын ұсындым, ол келісті , – деп жазды белсенді өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның сөзіне қарағанда, депутаттың ар-намысына, жеке басына тиетін әңгіме болмайды.

Уәде еткенімдей жеке басына тимейтініме, бұған дейінгі қателіктері, қалай депутат болғаны туралы сөз қозғамайтыныма, тек АЭС туралы тартысатынымызға сөз бердім – дейді Абзал Достияров.

Дебат ертең өтеді. Уақыты енді нақтыланады.

Ринат Зайытов – «Аманат» партиясы атынан бір мандаттық окург бойынша ҚР Парламенті мәжілісінің 8-шақырылымының депутаты, ақын.

Абзал Достияров – қоғам белсендісі.