"Бір апта ұйықтай алмадым..." Перизат Мырзахмет өзін Дулат Исабековтың шақырғаны туралы

Ілияс Бақыт

Белгілі блогер, жазушы Перизат Мырзахмет өзін Дулат Исабековтың кездесуге шақырғанын айтып, қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

perizatmyrzakhmat парақшасынан

Блогердің айтуынша бәрі аяқ астынан, ойламаған жерден болған. 

“Осыдан бір апта бұрын бөтен нөмір хабарласып керемет жаңалық айтты. Кездесуге шақырды. Хабардан толқығаным сонша бір апта дұрыс ұйықтай, ойлай алмадым”, – дейді Перизат Мырзахмет.

Сөйтсе белгілі жазушы, драматург Дулат Исабеков Перизат Мырзахметтің бір подкастта сөйлегенін көріп, онымен кездескісі келетінін айтқан екен. Осылайша, бұл хабарды естіген Перизат алып-ұшып Астанадан Алматыға жеткен. 

“Осы Перизат болуымның талғам мен таңдауымның құралуына себепкер атам. Жазуымен жан емдеген, ой сұлулығымен биікке ұмтылдырған атам” – деді блогер.

Дулат Исабеков пен жаз қаламгер біраз шүйіркелескен. Тіпті өзіне оқырманы жиі қоятын Исабековтың әңгімелеріне қатысты сұрақтарды жазушының өзіне қойған. Ал Исабеков болса “40 жыл бойы осы сұрақтардан жалықтым” деп күлдірген. 

ДУЛАТ ИСАБЕКОВ

Дулат Исабеков    –  1942 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы «Ленин жолы» ауылында туған. 1963 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Белгілі жазушы, драматург. «Гауһар тас», «Дермене», «Перi мен Перiште», «Тiршiлiк», «Өкпек жолаушы», «Бiз соғысты көрген жоқпыз», «Қарғын» (роман, 1980)  т.б. кітаптары шыққан.