Сырдарияға батып кеткен көліктен жүргізуші шығып үлгермеді

Ulysmedia

Қызылордада автокөлік Сырдария өзеніне батып кетіп, жүргізушісі сыртқа шығып үлгермеді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

27 жастағы екі азаматтың біреуі өз күшімен жағаға шығып аман қалған.

29 қараша күні таңғы сағат 04:20 шамасында Қызылорда қалалық полиция басқармасына қала тұрғынының басқаруындағы Daewoo Nexia көлігі Алтын Орда көшесінің бойымен келіп, Сырдария өзенінің бөгетінен құлағаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына жедел құтқару жасағы жұмылдырылып, автокөлікті сағат 09:00 шамасында өзеннен алып шықты», – делінген полиция ақпаратында.