Израиль Иранның зымыран шабуылы аяқталғанын мәлімдеді

Қалижан Бектемір

Израиль әскері ЦАХАЛ Иранның зымырандық шабуылының аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia/ЖИ

ҚАЗА ТАПҚАНДАР БАР МА

Израиль әскерінің ресми өкілі Даниэль Хагари шабуыл салдарынан қаза тапқандар жоқ екенін айтты. 

Біз көптеген зымыранды қағып түсірдік. Елдің орталығында және оңтүстігіндегі аудандарда бірқатар соққы жасалды, – деді Израиль әскерінің ресми өкілі Даниэль Хагари.

Израильдің медициналық қызметі екі адам  жарақат алғанын хабарлады.

Еске салсақ, кеше Иран Израильге бағыттап зымырандарын ұшырғанын жазған едік.

ДАУ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ

Иран алғаш рет тікелей 2024 жылы сәуір айында өзінің территориясынан Израильге шабуыл жасады. Сол кезеңде Израильге 300-ден астам дрон мен зымыран жіберді, олардың 99%-ы қағып түсірілді. Сәуірдегі шабуылға «Хезболла» қозғалысы да қатысты, ол Голан таулы аймақтарына соққы жасады.

Шабуылдың себептері 1 сәуірде Дамаск қаласындағы Иран консулдығына жасалған шабуыл делінеді. Осының салдарынан Ислам революциясының сақшылар корпусы (КСИР) құрамында жеті адам, оның ішінде «Құдс» арнайы бөлімшесінің командирі генерал Мохаммад Реза Захеди мен генерал Мохаммад Хади Хаджи Рахими қаза тапты.

КЕК АЛУ АКЦИЯСЫ

Тегеран бұл шабуылды Израильдің әрекеті деп атап, бұрын-соңды болмаған кек алу акциясын жариялады.