Ақтөбеде 6 авто апара жатқан жүк көлігі өртеніп кетті

Айнель Аянова

Ақтөбе облысында су жаңа жеңіл көліктер тасымалдап бара жатқан жүк көлігі отқа оранды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ТЖМ

Оқиға Қобда ауданында "Самара-Шымкент" республикалық маңызы бар автожолда болған.

“Автовоздың мотор бөлігінен басталып, тиелген автомобильдерге көшкен өрт толығымен жойылды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында 3 жеңіл автокөлік өрттен құтқарылды. Өздігінен сөндіру әрекеті кезінде 1996 жылы туған автокөлік жүргізушісі және 1994 жылы туған Қырғыз Республикасының азаматын күйік шалып, олар ТЖ күшімен аудандық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлерге табысталды” делінген ТЖМ баспасөз хабарламасында.