Дубайдағы экс-шенеуніктердің қымбат үйлері: Бас прокуратура не дейді

Аян Өрібай

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстанның бұрынғы және қазіргі шенеуніктерінің мүлкі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

Журналистер сұрақты Бас прокурордың орынбасарына Мәжіліс кулуарында қойған.

– Мен қазір барлық ақпаратты толық аша алмаймын. БАӘ-мен жұмыс жүріп жатыр, біз бірлесіп зерттейтін істер бар. Бұл жұмыс жалғасады. Мен сізге бір нәрсені айтайын – миллиондарды жымқырыпп, елден кеткен адамдар үнемі іздеуде болады. Біз бақылауды күндіз-түні жүргіземіз. Кейде бұл жылдарға созылады, - деді ол.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстанның бұрынғы және қазіргі шенеуніктерінің мүлкі туралы айтылған журналистік тергеу туралы түсініктеме берген болатын. 

ДУБАЙДАҒЫ ҮЙЛЕР 

Еске  сала кетейік, бұған дейін журналистер #DubaiUnlocked жаһандық тергеу нәтижелерін жариялаған болатын.

Бірқатар қазақстандық шенеуніктер мен жоғары лауазымды тұлғалардың Дубайда қымбат жылжымайтын мүлікке иелік ететіні белгілі болды. Кейбір пәтерлер олардың балаларының атына жазылған. Мәселен, тергеуде Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйелі Әсел Құрманбаева, Қайрат Сатыбалды, ІІМ-нің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың ұлы, бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің ұлы және басқалары аталып өтеді.