Қызылордада 20-дан астам оқушы шұғыл ауруханаға жеткізілді

Қалижан Бектемір

Қызылордадағы мектепте оқушы бұрыш спрейін шашып, 20-дан астам оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: pixabay.com

ПОЛИЦИЯ МӘЛІМДЕМЕСІ

Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады. Оқиға 3 қазан күні қаладағы мектептердің бірінде болған.

Қызылорда қаласындағы орта мектепте бұрыш спрейін қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген полиция хабарламасында. 

№9 мектептің зардап шеккен оқушыларының айтуынша, оқиға шамамен сағат 17:00-де болған.

Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы 7 мен 12 жас аралығындағы 20-дан астам бала түскенін мәлімдеді. Олардың барлығы іш ауруына, жүрек айнуына, тамақ ауруы мен ауыздағы жағымсыз иіске шағымданған.

Полиция факті бойынша материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның қарауына жіберілетінін атап өтті.