АЭС референдумы: ОСК дауыс берудің заңды деп танылуының шарттарын атады

Аян Өрібай

Орталық референдум комиссиясының отырысында АЭС құрылысы бойынша референдумды өткізілді деп тану үшін қандай шарттар орындалуы керектігі айтылды. ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров іс-шараны өткізу талаптарын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

ОСК-ДА НЕ АЙТЫЛДЫ

– Егер референдумға дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың жартысынан көбі қатысса, ол өткізілді деп есептеледі. Бұл тізімге дауыс беруге құқығы бар 12 миллион 244 мың 683 азамат енгізілген, – деп түсіндірді Петров.

КАБИНАҒА ЕКІ АДАМ КІРСЕ

Брифинг барысында сайлау учаскелеріндегі заң бұзу фактілерінің болу ықтималдығы жөнінде мәселе көтерілді. Дауыс беру кабинасына екі адам кірген кезі қалай қаралатыны жөнінде айтылды. Петров мұндай жағдай мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету болмаса, заңбұзушылық ретінде қарастырылуы мүмкін екенін атап өтеді.

РЕФЕРЕНДУМ

Еске салсақ, АЭС бойынша референдум биыл 6 қазанда өтеді. 

АЭС бойынша референдумға 15,5 млрд теңге жұмсалады.