Экс-министр Қуандық Бишімбаевты соттаған судья Айжан Құлбаева судьялар съезінде елдегі ең атышулы істердің бірі өзіне қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СУДЬЯ НЕ ДЕЙДІ
– Бұл процес мені одан ары тәртіпке ие түсті. Сонымен бірге, ол бойымда бар кемшіліктерді көрсетіп берді. Мен сол кемшіліктерді түзеуді жоспарлап, сол бағытта тырысып жүрмін, – дейді судья кулуарда.
Айжан Құлбаева сонымен бірге нағыз судья қандай қасиетке ие болуы керектігі жөнінде ойын ортаға салды. Айтуынша, судьяның бойында ең алдымен, уайымға төзімділік пен табандылық болуы керек.
– Бәрін есте сақтап, өзіңді ұстай білуің керек, – дейді Айжан Құлбаева.
БИШІМБАЕВ ІСІ
Еске сала кетсек, 13 мамырда Астанада әйелін аса қатігездікпен қинап өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шыққан еді. Экс-министр 24 жылға сотталған.
Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімді Астанада судья Айжан Құлбаева шығарған. Бишімбаевтың ісін қараған судьяны қорқытқаны туралы екі істі полиция тергеп жатқаны хабарланған болатын.