Бүгін – сатирик-жазушы Шона Смаханұлының туғанына 100 жыл

Қалижан Бектемір

Бүгін (1924-1988) белгілі сатирик, жазушы Шона Смаханұлының дүниеге келгеніне 100 жыл толды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Ол Жамбыл облысының Талас ауданында туған. Қазақ ұлттық педагогика университетін бітірген. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан.

1943-1957 жылдары Жамбыл облысы Талас ауданында педагогикалық қызметте болған. 1957-1984 жылдары - «Мектеп» баспасының редакторы, «Қазақстан мұғалімі» газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, «Ара» - «Шмель» журналының фельетонисі, «Жазушы» баспасының редакторы, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Тұңғыш сатиралық өлеңдер жинағы «Тотияйын» 1959 жылы басылып шыққан. «Қу түлкінің сыбағасы», «Көріп жүр ғой көздерің, үкімін айт өздерің», «Шымшыма», «Ұры тіс», «Алтын жұмыртқа», «Ұр, тоқпағым, ұр», «Жүз шымшыма, қырық қышыма», «Қоңыраулы шеңгел», «Кездік», «Сандықтан шыққан шайтан», «Жымияды жеңешем», «Жасырайын несіне», «Өткірдің жүзі» сатиралық өлеңдер жинағы, тарихи тақырыпқа жазылған «Үміт жұлдызы» повесі жарық көрген. Бірқатар ән мәтінінің авторы. Орыс тілінде бірнеше кітабы жарыққа шыққан. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен және медальдармен марапатталған.

Алматы қаласындағы мектепке Ш.Смаханұлының есімі берілген.