«Не зат мынау?!»: Ақтауда әйел таң атпай аулада намаз оқығандарды қуып шықты (ВИДЕО)

Қалижан Бектемір

Ақтауда әйел таң атпай балалар ойнайтын алаңда намаз оқыған жамағатты қуып шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

«НАМАЗДЫ ӘРКІМ ӨЗІ ҮШІН ОҚИДЫ»

Мен намазға қарсы емеспін. Намазды әркім өзі үшін оқиды.  Үйлеріңе барып оқыңдар, бұл жерде біз демаламыз, балалар ойнайды, кедергі келтіресіңдер, ертең әкімдікке шағымданамын, - деп айқайлайды қала тұрғыны.

Ал олар өз кезегінде әйелді сабырға шақырды.

«...АЛЛАНЫҢ ЖЕРІ МЕККЕДЕ»

Мұны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі тұрғын үй ауласында намаз оқыған жігіттерді қолдаса, енді біреулері қарсы шықты.

«Таң намазын өткізіп алмайын деген шығар. Балалар ойнамайды ғой таңертең, не көрінді?», «Адамды демалдырмайсыңдар деп айтып отыр ғой. Айқайлап оқыған ғой», «Жер Алланыкі, қай жерде оқығысы келеді, өздері біледі», «Бұл жер қазақтыкі, Алланың жері Меккеде», «Намаз оқитын арнайы орындар бар ғой», - деп жазып жатыр олар.