Ақтауда бір топ жасөспірім көшедегі адамдарды жабылып ұрып-соққан (ВИДЕО)

Қалижан Бектемір

Ақтауда жастар көшеде кетіп бара жатқан адамдарды жабылып ұрған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

ОЛАРДЫ ҚАНДАЙ ЖАЗА КҮТІП ТҰР

Lada.kz 4 қазанда болған оқиғаның видеосын жариялады.

Полиция департаменті күдіктілер қолға түскенін хабарлады. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Заңды өкілдер кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке (ҚР ӘҚБтК 127-бабы) тартылды . Жаза бойынша 10 АЕК, яғни 36 920 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

ТЕРГЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Құқық бұзушылар профилактикалық есепке қойылды.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда әйел таң атпай балалар ойнайтын алаңда намаз оқыған жамағатты қуып шыққанын жазған болатынбыз.

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында мектеп оқушысы сыныптасын пышақтап тастаған.

Сондай-ақ Алматыда ҚазҰУ студенттері арасында жаппай төбелес болған еді.