Алматы ауданында Қордай көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде жиһаз бен үй заттары өртенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЖМ өрт сөндірушілері 4 адамды аман-есен құтқарып қалды.
Өрттің ерте анықталуының және қалалық ТЖД өртке қарсы бөлімшелерінің уақтылы шақыртылуының арқасында өрт даму кезеңінде сөндірілген.
ТЖМ қызметкерлері баспалдақ маршымен 4 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарып, 28 адамды эвакуациялады.
“ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері өрт шыққан пәтер қожайыны мен оның баласына психологиялық көмек көрсетті. Сонымен қатар келген полиция қызметкерлері үйдің 3 тұрғынын эвакуациялады”, деп хабарлады ТЖМ.