1,2 миллион теңге: iPhone 16 Pro Max бағасы аспандап тұр

Сырым Қаржас

Сатылымға жаңадан шығарылған iPhone 16 Pro Max 1,2 миллион теңге тұрады және  қазақстандықтар оны үш айлық орташа жалақымен сатып ала алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Жақында шығарылған iPhone 16 Pro және iPhone 16 Pro Max үлгілері Қазақстанда Kaspi нарығында сатылымға шығып үлгерді.

Ресми орташа айлық жалақысы 382,2 мың теңгені құрайтын қазақстандықтар 1Тб жады бар жаңа телефон сатып алу үшін үш айдан астам уақыт айлығын жинауға мәжбүр болады.

Kaspi-де жаңа смартфондар қанша тұрады

iPhone 16 Pro бағасы:

жады сыйымдылығы 128 Гб – 724,8 мың теңге,
жады сыйымдылығы 256 Гб – 767,7 мың теңге,
жады сыйымдылығы 512 Гб – 995,8 мың теңге,
жады сыйымдылығы 1Тб – 1,1 млн.теңге.

iPhone 16 Pro Max бағасы:

жады сыйымдылығы 256 Гб – 918,3 мың теңге,
жады сыйымдылығы 512 Гб – 1,09 млн теңге,
жады сыйымдылығы 1Тб – 1,2 млн.теңге.

Ең арзан iPhone 16 Pro 128 ГБ моделінің бағасы смартфонның түсіне қарай 724 мың теңгеден басталады. Ең қымбат модель – iPhone 16 Pro Max 1Tb қара түсті 1 287 893 теңге тұрады.

Бұған дейін қазақстандық интернет-жарнама платформаларында жаңа iPhone 16-ға алдын ала тапсырыс беру туралы алғашқы ұсыныстар пайда болған.