АЭС референдумы: Қазақстанда дауыс беру басталды

Аян Өрібай

Бүкіл елде референдум комиссиясының 70 мыңнан астам мүшесі жұмыс істейтін 10 мыңнан астам учаске жұмысын бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia

Сайлау учаскелері таңғы 7:00-де ашылды.

Шетелдегі қазақстандықтар үшін 59 елде дауыс беру үшін 74 учаске қарастырылған.

Бюллетеньде бір ғана сұрақ болады: "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе? Оған "иә, келісемін" немесе "жоқ, келіспеймін" деп жауап беруге болады.

Кешкі сағат сегізде дауыс берудің ең жауапты бөлігі – дауыстарды санау басталады. Нәтижелер жеті күн ішінде жарияланады.

Егер сайлаушылардың 50%-дан астамы қатысса, референдум өткізілді деп есептеледі.

Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша дауыс беруді қадағалауға 30 мемлекеттен 177 шетелдік бақылаушы және 37 елден 200 журналист келеді.

Суретте: Астанадағы 164-ші дауыс беру учаскесі