Астанада 1 желтоқсанда 27 бала дүниеге келді

Ulysmedia

Міне, осымен 10 жыл қатарынан Нұр-Сұлтанда Тұңғыш Президент күніне орай 1 желтоқсанда дүниеге сәби әкелген әйелдерді құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі

Қалалық ауруханалардың акушерлік блоктарында 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні 27 бала дүниеге келді, оның 16 - сы - қыз, 11-і-ұл бала. 

Тұңғыш Президент күні туған сәбилердің аналарын қала әкімінің орынбасары Асхат Оралов пен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов құттықтады.

Оларға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хаттар мен жаңа туған нәрестелерге балалар комбинезоны түріндегі сыйлықтар табыс етілді.   

«Сіздерді сәбидің дүниеге келуімен және 1 желтоқсан мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін сіздер үшін қос мереке. Сіздерге және балаларыңызға зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Сәбилер еліміздің мақтанышы болып өссін», - деді Асхат Оралов.

Еске сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада "30 игі іс" ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары өтуде. Бұл эстафетадағы ең басты мақсат - қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.