Қашаған кен орнында вахталық ауысыммен жұмыс істейтіндер дауыс беріп жатыр

Қалижан Бектемір

Каспий теңізіндегі жасанды D аралында еңбек ететін 870-тен астам қызметкер референдумға қатысып, дауыс беруге өтініш білдірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: дереккөз

Аралға референдум комиссияларының мүшелері тікұшақпен барып, процесті ұйымдастыруда, –  деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Орталық сайлау комиссиясының 16:00-де жариялаған алдын ала ақпаратына сәйкес, Атырау облысында дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 56,61 пайызы таңдау жасаған.

Ал республикада сағат 16.00-дегі жағдай бойынша 7 062 358 азамат бюллетень алынған. Бұл 57,68 пайызды құрайды.