Қарағанды облысындағы өрттен 33 жастағы құтқарушы қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НЕ ЖАҒДАЙ
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы орман өртінен құтқарушы Хайрат Хали алған кұйік салдарынан көз жұмды. Оның үш әріптесі 29 жастағы Саян Күмісбаев, 24 жастағы Олжас Әлімжан және 27 жастағы Ақмедия Серікпай түрлі күйіктермен ауруханада жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндірушілер биік шөпте өрт тұзағына түскен.
Қатты желдің әсерінен өрт өте тез таралған.
ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ҚАЗАСЫ
2023 жылдың маусымында Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында» орман өртеніп, өрт сөндіре жұмсытары кезінде 14 ораншы қаза тапқан. Биыл мамырда өртке кінәлілер сотталған.
ОРЫНДАЛМАҒАН УӘДЕ
Семейдегі өрт орман шаруашылығы саласындағы біраз мәселенің бетін ашқан. Осы жағдайдан кейін үкімет орманшылардың жалақысын арттыруға уәде берген. Алайда айтылған сөз сол жерде қалған.