Өзіне де қол салды: Атырау облысында 25 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген

Қалижан Бектемір

Атырау облысында 25 жастағы жігіт ата-анасын өлтіріп, содан кейін өзіне қол салған. Ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: yassy-tur.kz

КЕЙІН ӨЗІНЕ ҚОЛ САЛҒАН

Алдын ала ақпарат бойынша 25 жастағы ер адам өзінің 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, кейін өзіне қол салған. Қазір оқиғаның мән-жайларын жан-жақты анықтау мақсатында жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады полиция.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Полиция департаментінде адам өлтіру дерегі негізінде қылмыстық іс қозғалған.