Қостанайда 4 адам диірменге түсіп, қаза болды

Әлихан Асқақ

Қостанай облысы Рудный қаласындағы диірменде 4 жұмысшысы қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Қайғылы оқиға 6 қазанда болған.

112 пультіне Қостанай облысының Рудный қаласындағы тереңдігі 5 метр болатын бункерді тазарту жұмыстарын жүргізу барысында 4 адам түсіп, қайта оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті, – дейді ведомство.

Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері, полиция және жедел медициналық көмектің қызметкерлері дереу жеткен.

Құтқарушылар жұмысшылардың денелерін бункерден шығарып алды. Олар қайтыс болған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, – дейді төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқарушылардың айтуынша, төртеуі де диірменде жұмыс істеген.