Адаммен өркениетті түрде ажырасуға болады – Дана Нұржігіт өз оқиғасын айтты

Сырым Қаржас

Журналист әрі тележүргізуші Дана Нұржігіт сталкердің құрбаны болғанын айтқан. Бұл туралы ол журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында жеткізген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

АЖЫРАСАТЫНЫҢДЫ ҚАЛАЙ ТҮСІНДІРЕСІҢ

– Менің де өмірде қиын кезеңдерім болды. 2012 жыл еді. Ол кезде мен күйеуіммен – баламның әкесімен өзара келісімде екі жаққа кеттік. Ол жерде де ренжітер сөздер айтылды, әртүрлі жағдай болды. Мен сол бір ажырасуды бастан өткердім. Сол себепті өркениетті түрде қалай ажырасуға болатынын білемін. Білімді, ақылды адаммен ажырасу процесі қалыпты жағдайда өтеді. Ал адамға түсіндіру мүмкін емес жағдайлар болады. Адамға ажырасатыныңды қалай түсіндіресің? – дейді сұхбатында Дана Нұржігіт.

Динара Сәтжан журналиспен сұхбаттың үзіндісін келтірген. Онда Дана Нұржігіт жарты жыл депрессияда жүргенін, психотерапевттерге баруға мәжбүр болғанын айтқан.

– Дана Нұржігіт сотта бұрынғы күйеуі кінәлі екенін дәлелдеп, оны осы жазда қылмыстық кодексінің 147 бабы бойынша 3 жылға соттатқан. Іс жеке өмірге қол сұғу бабымен қозғалған, – деп жазды Динара Сәтжан.

ЖУРНАЛИСТ ЖАЙЛЫ

Дана Нұржігіт – 1972 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Лахалы елді мекенінде туған. Бастауыш сыныпты Қызылордадағы №198 мектепте оқыған. Ол мектепте қазақстандық танымал азаматтар Мұрат Əбенов, Илья Ильин де білім алғаны айтылады. Дананың отбасы, кейін Алматы іргесіндегі Есік қаласына көшеді. Ол жақта бірінші сыныпты бітірген, ата-анасы Алматыдағы А.Жұбанов атындағы музыка мектебіне оқуға түсірген.

Дана музыка мектебінде оқығанын мақтан тұтып: «Сол мектептен өнерді ғана емес, адамды тануды да үйрендім» деп айтып жүр. Ол бала кезінен əдебиетке жақын өскен. Музыка мамандығын бітіріп, сол саланы ұстаздық еткен Дана Нұржігітова телевидениеден бір-ақ шықты. Дана 1997 жылдан бастап, телеарнаға келді. Қазірде, бірнеше интелектуалдық бағдарламалардың авторы, қазақ телевидениесіне өз ізін қалдырған танымал журналист. Сенат депутаты болған.