Димаш Құдайберген елші болып тағайындалды

Қалижан Бектемір

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің Ізгі ниет елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: dw.com

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысында съездің Ізгі ниет елшісі лауазымына 5 адам ұсынылды. Олардың арасында Димаш Құдайберген де болды. 

Хатшылық отырысына қатысушылар бес үміткердің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. Олар:

Иерусалим Патриархы III Феофил;

Англикан қауымдастығы бас хатшысының орынбасары Бэйли Уэллс;

Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбдел Салам;

Вьетнам буддистік сангха атқару кеңесі төрағасының орынбасары, бас хатшы Тик Дык Тьен.

Еске салсақ, әнші бұған дейін де халықаралық ұйымның ізгі ниет елшісі атанған болатын.