ТЖМ құтқарушылары бір күнде Ақмола облысының алты ауданында табиғи өртті сөндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ӨРТ ҚАЙ АУДАНДАРДА ШЫҚТЫ
Бір тәулік ішінде Ақкөл, Зеренді, Шортанды, Есіл, Астрахан және Атбасар аудандарында құрғақ шөп пен қамыс өртенген. Өрттің жалпы ауданы 33 га болды.
ТЖ Департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, ерікті өрт сөндіру құралымдарының және «Қазавиаорманқорғау» бірлескен күштері мен құралдарын 6 аудандағы өртті сөндірген.
ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР БАР МА
Зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ елді мекендерге қауіп болған жоқ.
ӨРТ НЕДЕН ШЫҚТЫ
Министрлік барлық фактілер бойынша өртке халықтың отпен абайсыз пайдалануы себеп болғанын айтады. Оның ішінде төмен калориялы тұтану көзі, яғни сіріңке немесе сөндірілмеген темекі себеп деп санайды министрліктегілер.