Талдықорғанда сот хатшысы 40 млн теңге пара алған деген күдікке ілінді

Аян Өрібай

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтық жасады деген күдікпен Талдықорған қалалық соты сот отырысының хатшысы мен екі азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

АНТИКОР НЕ ДЕЙДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бекайдаровтың хабарлауынша, хатшы сотта жәбірленушінің айғақтарын Талдықорған қаласы полиция басқармасының бұрынғы бастығының пайдасына өзгертуге жәрдемдесу деген атпен берілген 40 млн теңгенің жартысын иемденген.

– Қалған 20 млн теңгені жәбірленуші мен оның серігі соттағы айғақтарды сотталушының пайдасына өзгерту сылтауымен алған, – дейді Бекайдаров.

Күдіктілерге қатысты соттың санкциясымен «үй қамағына алу» және «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылған.