Денис Тен ісі. Сотталушылардың өзін ақтау туралы арызы кері қайтарылды

Айнель Аянова

Жоғарғы сот Денис Теннің өлімі бойынша істегі сот үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

Сотталушылардың қорғаушысы оларды ақтау жөнінде кассациялық шағым түсірген.

Жоғарғы сот Арман Құдайберген мен Гұралы Қиясовтың шағымын қараудан бас тартқан.

Осылайша, сот шешімі өзгеріссіз қалды.

Денис Тенді өлтіргендер Жоғарғы сотқа кассациалық шағымды тамыз айында түсірген.

Денис Теннің өлімі

2019 жылдың қаңтарында Арман Құдайбергенов Денис Тенді өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, ол максималды қауіпсіздік мекемесінде 18 жылға бас бостандығынан айырылған. Істегі екінші Нұралы Қиясов да максималды қауіпсіздік мекемесінде 18 жылға бас бостандығынан айырылған.

Іс бойынша Жанар Толыбаева да өтті. Ол орташа қауіпсіздік мекемесінде 4 жылға бас бостандығынан айырылғанымен, бір жылдан кейін, 2019 жылдың желтоқсанында ол қамаудан босатылды. Сот жазаның өтелмеген бөлігін денсаулығының жай-күйіне және баласының болуына байланысты бас бостандығын шектеуге ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Кейінірек ол колонияға оралып, 2021 жылдың желтоқсанында толық босап шыққан.