Украина vs Ресей: Курск облысындағы соғыстың ахуалы қандай

Ілияс Бақыт

Соғысушы тараптардың ресми хабарламаларынан Курск облысындағы жағдай туралы анық ақпарат алу мүмкін емес. Майдан даласындағы жағдайды негізінен телеграм арналардың авторлары баяндайды. Олардың хабарламалары жиі қайшылықты болып келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz BBC қызметіне сілтеме жасап. 

Ашық дереккөзден

УКРАИНАЛЫҚ АРНАЛАР БЫЛАЙ ДЕЙДІ

11 қазан таңына қарай украиналық телеграм-арналардың Курск облысындағы жағдай туралы хабарлары оптимистік сипатқа ие болды – кейбіреулері ресейлік шабуылдардың сәтті тойтарылғанын жазса, басқалары тіпті ресейліктердің қақпанға түскенін мәлімдеді. Алайда, бұл ақпараттың объективті дәлелдері жоқ.

“DeepState” жағдайды сақтықпен сипаттап отыр.

«Курск облысындағы жағдай күрделі, бірақ бақылауда. Түн ауыр және шиеленісті өтті, Украинаның Қорғаныс күштері тұрақтандыру шараларын жүргізіп жатыр, бірақ жоғалған жерлердің барлығын қайтару әлі мүмкін болмады. Жау шабуыл кезінде едәуір шығынға ұшырады, сондықтан оларға әрі қарай орнығу қиын болады. Ең қиын жағдай қазір Любимовкада, бірақ маневрлі соғыстың жаңа кезеңі қалай аяқталатынын күту керек», – деп жазады украиналық телеграмм арна.

РЕСЕЛІК ТЕЛЕГРАММ АРНАЛАР БЫЛАЙ ДЕЙДІ

"Северный ветер" арнасы ресейлік әскерлердің 10 қазан күні кешке дейін бес елді мекенді басып алып, қарсыластың екі батальонын қоршауға алғанын, сондай-ақ екі маңызды жабдықтау және эвакуация жолдарын кесіп тастағанын мәлімдеді. "Ахмат" командирі Апти Алаудинов 11 қазанда "Комсомольская правда" басылымына берген сұхбатында ресейлік күштердің Курск облысындағы 15 елді мекеннен украиналық әскерлерді шығарғанын айтты.