Қар жауып, көктайғақ болады – синоптиктердің ескертуі

Ілияс Бақыт

"Қазгидромет" РМК мамандары 2024 жылы 12 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia/ЖИ

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Астанада қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Павлодарда түнде 12 қазанда қатты қар күтіледі. Көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысынды, күндіз облыстың оңтүстігінде бұрқасың, қөқтайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстаң жел соғады күші 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, орталықта төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Шымкентте түннің бірінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. 

Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, түнде кей уақытта 23-28 м/с.

Алматыда түнде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 18 м/с.