Денесін күйік шалған: Семейде қоқыс жәшігінен сәби табылды

Қалижан Бектемір

Семейде қоқыс жәшігінен денесінің 80%-ы күйіп қалған жаңа туған сәби табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Фото: tolqyn.kz

Instagram-дағы «Оса Семей» паблигінің мәліметінше, оқиға 13 қазанда болған.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, іс Абай облысының прокуратурасының арнайы бақылауына алынды, – деп хабарлады облыстық прокуратура.

Сәби 12:00 шамасында табылып, ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілген. Алдын ала мәліметтер бойынша табылған нәресте – шамамен бір күндік қыз бала.

Еске салсақ, Қарағандыда сәбиін аязда далаға тастап кеткен ата-ана жауапқа тартылмағанын жазған едік.