Семейде қоқыс жәшігінен табылған нәресте қайтыс болды

Қалижан Бектемір

Қазақстандағы балалар омбудсмені Динара Зәкиева Семейде қоқыс жәшігінен табылған сәби аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: BAQ.KZ

Қыз бала сағат 19:40-та қайтыс болды. Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған. Бала құқығы жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі және облыс прокуратурасымен байланыста отырмын, – деп жазды Динара Зәкиева өзінің Instagram-дағы парақшасына.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, сәбидің дүниеге келгеніне шамамен небәрі 1 күн болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске салсақ, бұған дейін Семейде қоқыс жәшігінен денесін күйік шалған сәби табылғанын жазған болатынбыз.