Жатыпішер масылдарға жаза: мемлекет енді олардың басынан сипамайды

Аян Өрібай

Мәжіліс кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жұмыс істемейтін азаматтарға өтемақы төлеу мәселесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

ТОЛЫҒЫРАҚ  

– Солтүстік Қазақстан облысының Сергеевка ауылында 600 мың теңге жалақысы бар дәнекерлеуші қажет. Мұндай жұмысқа барғысы келмейтін азаматтар бар. Ең алдымен, еңбекті сіңіруді отбасынан басталуы керек. Адам жұмыстан бас тартқан кезде заңнаманы қатайту қажет деп санаймыз, – деді министр отырыс барысында.

МАСЫЛДАР ЖАЙЛЫ  

Мәжілістен кейін журналистер министрден "СССР кезіндегідей масылдарға жазаны қайтармақсыздар ма?" деп сұраған.

– Мен жазаны қатайту туралы айтқан жоқпын. Жұмыстан бас тарту мәселесін заңнамалық тұрғыдан қарастыру керек дедім. Алғышарттар қазірдің өзінде бар. Егер адам АӘК тағайындау шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын талап етсе, онда АӘК ұсынылған жұмысынан бас тартқан адам... Біз мүмкіндік береміз, АӘК тағайындаймыз және жұмыс береміз. Олар "мен тек АӘК аламын" десе, біз АӘК тағайындауға сізге болмайды деп жауап береміз, – деп жауап берді министр.

Бұған дейін АӘК-ке үміткер қазақстандықтардың шығысы тексерілетіні хабарланған болатын.