Қазақстанға сырттан келген көліктің үштен бірі Қытайдан

Ілияс Бақыт

Қытай Қазақстан нарығына тауар жеткізуші ірі елдердің бірі. Оның үлесі 24,9%-ды құрайды. Алайда 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан Қытайдан импортталған тауарлардың көлемін 2023 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға төмендетіп, 9,5 миллиард долларға жеткізді, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz\ЖИ

ИМПОРТТЫҢ ТӨМЕНДЕУ СЕБЕПТЕРІ 

Сарапшылардың пікірінше, 2024 жылдың алғашқы 8 айындағы Қытайдан келетін тауар көлемінің төмендеуі соңғы 4 жылда алғаш рет тіркелді. 

ТЕКСТИЛЬ 

Импорт көлемі бойынша бірінші орында тұрған 5 негізгі тауар тобының барлығында төмендеу байқалады. Қазақстандықтар текстиль және киімге жұмсаған қаржысы өткен жылы 1,3 миллиард доллар болса, биыл 1,1 миллиард долларды құрады. Сөйтіп, 207 миллион теңгеге немесе 15,7%-ға төмендеді.

ХИМИЯ ӨНІМДЕРІ
Химия өнеркәсібі өнімдерінің импорты 866,9 миллион долларға жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 144,2 миллион долларға (14,3%) азайды.

АЯҚ КИІМ

Аяқ киім, бас киімдер және галантереялық бұйымдар тобы да төмендеу көрсетті. Олардың импорты 43 миллион долларға (10,3%) қысқарып, 376 миллион долларды құрады.

АВТОКӨЛІКТЕР

Машиналар, жабдықтар, құралдар мен көлік құралдары Қытайдан келетін импорттың 57%-ын құрайды. 2024 жылы бұл тауарлардың жалпы сомасы 5,4 миллиард долларды құрап, 175,1 миллион долларға (3,1%) азайды.

ҚЫТАЙДАН КЕЛЕТІН КӨЛІК КӨБЕЙГЕН

Дегенмен, осы топ ішінде динамика әртүрлі болды – машиналар мен жабдықтардың импорты төмендесе, көлік құралдарының импорты артты. Сарапшылардың мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанға келетін шетелдік автокөліктердің үштен бірін Қытай қамтамасыз еткен.

БИЖУТЕРИЯ

Өсім көрсеткен жалғыз тауар тобы – «металдар және олардан жасалған бұйымдар». Олардың импорты 3,1%-ға (21,4 миллион доллар) артып, 705 миллион долларға жеткен.

БҰҒАН ДЕЙІН

ЕАЭО-да Қытайдан келетін тауарлардың бағасын қымбаттатуы мүмкін жаңа құжат әзірленді. Бұл құжат шетелдік онлайн-дүкендерден жасалатын барлық сатып алуларға кедендік алымдар салуды қарастырады.