Соғыс басталғаны Ресейде 177 украиналық тұтқын қаза тапқан

Ілияс Бақыт

Еуропалық сыртқы байланыстар қызметінің мәліметтері бойынша, соғыс басталғаннан бері Ресей тұтқынында кем дегенде 177 украиналық әскери тұтқын қаза тапқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz DW агенттігіне сілтеме жасап.

Ашық дереккөзден

КЕМ ДЕГЕНДЕ 177 АДАМ ҚАЗА ТАПҚАН

Украиналық әскери тұтқындардың Ресейде өлім жазасына тартылу оқиғалары жиілеп барады. 16 қазанда Еуропалық сыртқы байланыстар қызметі (EEAS) мәлімдегендей, соғыс басталғалы бері ресейлік тұтқында кем дегенде 177 адам қаза болған. 

Мәліметтерге сәйкес, 10 қазанда Курск облысында ресейлік әскерлер тоғыз украиналық тұтқынды атып тастаған. Бұған дейін, 1 қазанда, Ресей бақылауындағы Донецк облысында ресейлік әскерлер 16 тұтқынды өлтірген.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДА АЙЫПТАЛДЫ

Брюссельде бұл әрекеттердің Женева конвенцияларын өрескел бұзу екені айтылды. Еуропалық Одақ бұл қылмыстарды қатаң айыптап, Ресейдің халықаралық құқықты және гуманитарлық нормаларды елемейтінін атап өтті. Сонымен қатар, ресейлік қоғам қайраткерлерінің украиналық әскери тұтқындарды өлім жазасына кесуді насихаттап, жаңа өлім жазаларын талап етуі Кремль режимінің шынайы табиғатын ашып көрсетеді деп есептелді.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі басқармасы украиналық әскери тұтқындарға қарсы жүйелі түрде азаптау және сексуалдық зорлық-зомбылық қолданылғанын растады. Еуропалық Одақ сонымен қатар тұтқындарды сыртқы әлеммен байланыссыз қалдыру және тәуелсіз бақылаушыларға гуманитарлық қол жеткізуге тыйым салуды айыптайды.

Еуропалық Одақ Украинаға қарсы жасалған ресейлік әскери қылмыстарға жауапты барлық адамдарды сотқа тартуға міндеттеме білдірді.