Жындыхананы айтып қорқытты: Қостанайда мектеп директоры оқушыны балағаттаған

Қалижан Бектемір

Әлеуметтік желіде Қостанай облысында балаларды балағаттаған мектеп директорының видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Halyq Uni

Qostanay телеарнасының мәліметінше, білім ордасының басшысы оқушыны шашын қиюға мәжбүрлеген.

Бізді директорға апарды. Дәлірек айтқанда, менің досымды және мені. Түсініктіме әкелмегеніміз үшін. Ол шашым үшін маған айқайлап, мені "ақымақ" деп атады, балалар үйі мен психиатриялық аурухананы айтып қорқытты. Менің шашым соншалықты ұзын емес еді, әрі кетсе 3-4 см, бірақ бұйра, сондықтан солай көрінеді, – дейді оқушы.

Қостанай аудандық прокуратурасы бұл факті бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Еске салсақ, Атырауда мектеп директоры дәретханаға камера қойғанын жазған болатынбыз.