Зеленский «жеңіс жоспарын» Брюссельде жариялады: онда нақты не айтылған

Ілияс Бақыт

Зеленский Еуропалық кеңес көшбасшыларына «жеңіс жоспарын» таныстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

ЕУРОПАДА ТАНЫСТЫРДЫ

Зеленский Брюссельде Еуропалық кеңес көшбасшыларымен кездесуде “Жеңіс жоспарын” таныстырды.

«Жоспардың мақсаты — тек Украинаны ғана емес, сонымен қатар біздің бүкіл еуроатлантикалық қауымдастығымызды нығайту. Ресей тек күшпен ештеңеге қол жеткізе алмайтынын көргенде ғана дипломатияға жүгінеді. Біз осы соғысты тоқтатуға қолайлы жағдай жасауымыз керек», – деді Зеленский Брюссельде Еуропалық кеңес көшбасшыларымен кездесуде.

ЖОСПАРДЫҢ МӘНІ

Ары қарай Украина көшбасшысы бес тараудан тұратын жеңіс жоспарын кезең-кезеңімен таныстырды.

"Біріншісі – Альянс. Украина-Еуро-Атлантикалық аймақты және біздің жалпы өмір салтымызды қорғауға қабілетті екенін дәлелдеген демократиялық мемлекет. Ондаған жылдар бойы Ресей Украинаның НАТО-да болмауынан туындаған геосаяси белгісіздікті қолданды. Украинаны НАТО-ға кіруге жедел шақыру фактісі өте маңызды".

"Екіншісі – қорғаныс. Біз Ресейге ұлыс даласында қысым көрсетуді жалғастыруымыз керек. Украина аумағында майданда позицияларды ұстап тұрып, ресейліктер соғыстың не екенін сезініп, Путинді жек көре бастауы үшін соғысты Ресейге қайтару. Бұл да қысым. Бізде мұны мүмкін ететін қарулардың нақты тізімі бар. Курск операциясымен қысым жасаған кезде Путиннің күші жетіспейтінін көрсеттік. Сондықтан біз өз бригадаларымызды жарақтандырып, шектеулерді алып тастап, Украинаның қорғаныс-өнеркәсіптік базасына инвестиция салып, бірлескен өндірісті жолға қойып, Украинаны мүмкіндігінше тезірек әуе қорғанысымен жарақтандыруымыз керек".

"Үшіншісі – нақты қысым. Біз Украина жерінде Ресейді бейбіт келіссөздерге қатысуға мәжбүрлеу немесе оның әскери нысандарын жоюға мүмкіндік болуы үшін тежеуші шараларды орналастыруды ұсынамыз. "Күш арқылы бейбітшілік" тәсілі. деген осы. Әңгіме тиісті зымыран пакеті туралы болып тұр".

"Төртіншіден, Украина триллион долларлық маңызды ресурстарға ие, ал Ресей оларға қол жеткізгісі келеді. Бұл титан, уран, литий, графит, марганец және т.б. Бұл ресурстар Ресейдің немесе оның одақтастарының қолына түспеуі керек. Еркін әлемнің жаулары жаһандық бәсекелестікте ешқандай артықшылықтарға ие болмауы керек".

"Бесінші – осы соғыстан кейін Украинада қазіргі заманғы жауынгерлік тәжірибесі бар жүздеген мың сарбаз болады. Біз Еуропадағы немесе келісілген жерлердегі Америка контингентінің бір бөлігін сарбаздарымызға ауыстыруды ұсынамыз, осылайша АҚШ күштерін босату арқылы, оларды басымдығы жоғары – Үнді-Тынық мұхиты аймағында белсенді жұмыс істеуіне жол аша аламыз. Бірақ ол үшін біз жеңуіміз керек".

"Украина нағыз дипломатияға дайын. Бірақ бұған жету үшін біз мықты болуымыз керек. Әділ бейбітшіліктің орнына күшпен жасалған бітім ешқашан қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Соғыс қайтып келгенде ешкім қуанбайды", – деп атап өтті президент Зеленский еуропалық көшбасшыларға сөйлеген сөзінде.

Батыс басылымдарындағы жариялымдарға қарағанда Зеленскийдің жоспары оларды жаңашылдығымен таңқалдыра алмаған. Олар Украина президентінің “жеңіс жоспарын” “тілектер тізіміне” жатқызып, олнда қаржылай және қару түріндегі қолдаудан өзге көп нәрсе жоқ екеніне назар аударған.