2024 жылғы 14 мен 16 қазанында ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде басқа мемлекеттің азаматтығы бар Қазақстан Республикасының жеті азаматын ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Ұсталған адамдар одан әрі қаралуы үшін полиция органдарына берілді.
Жыл басынан бері шекарашылар қос азаматтығы бар 935 адамды анықтады.
ҰҚК Шекара қызметі ҚР заңнамасына сәйкес екінші азаматтықтың болуы 200 АЕК-ке дейін айыппұлмен немесе әкімшілік шығарып жіберумен жазаланатынын еске салады” делінген ҰҚК шекара қызметінің хабарламасында.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, елде қос азаматтыққа тыйым салынған.
Қазақстандықтар өзге елдің азаматтығын алған жағдайда мүдделі мемлекеттік органдарға 30 күн ішінде хабарлауға тиіс. Қос азаматтығы бар адамдар елден шығарыпып, азаматтық алған мемлекетке депортацияланады.