Бүгін түнде Ақтауда қойма өртенді

Қалижан Бектемір

Ақтау қаласының 29А шағын ауданында жауапкершілігі шектеулі серіктестердің бірінің аумағында дәнекерлеу аппараттарын сақтауға арналған бір қабатты ангар жанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: gov.kz

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, ТЖМ күштері сыйымдылығы 50 литр болатын 3 газ баллонын жане бір оттегі баллонын қауіпсіз жерге шығарды.

Өрт 60 шаршы метр алаңды шарпыған.

Еске салсақ, кеше Павлодарда жанармай құю стансасы өртенді.