Франция сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Киевке барған сапары барысында Париж Украинаны дереу НАТО-ға шақыру идеясын қолдайтынын және бұл мәселе бойынша одақтастармен келіссөздер жалғасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Украина астанасында 19 қазанда Барро мен Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига арасында келіссөздер өтті. Екі министр де өз қызметтеріне жақында, 2024 жылдың қыркүйегінде кіріскен.
Украиндық басылымдары Барро мен Сибиганың бірлескен баспасөз мәслихатына сілтеме жасап, француз дипломатының Украинаның Ресеймен соғыстағы «жеңіс жоспарын» қолдайтынын және Париждің Киевке көмектесуді жалғастыруға дайын екенін айтқанын жазды.
«Франция украиналық жоспарды тек әскери салада ғана емес, сонымен қатар азаматтық және экономикалық салаларда да қолдау көрсетуге дайын», - деді Барро.
Содай-ақ француз дипломаты «Украина бейбіт келіссөздерді бастау туралы шешім қабылдағанда Франция оны қолдайтынын» айтқан.
Баспасөз мәслихатында Украина мен Францияның сыртқы істер министрлері де Ресей басқыншылығына қолдау көрсету үшін Солтүстік Кореяның тұрақты әскерін тарту соғысты елеулі түрде өршітетінін айтып, айыптады.
Естеріңізде болса, өткен күні Украина президенті Владимир Зеленский Пхеньянды Мәскеуге көмек мақсатында Солтүстік Кореяның 10 мың сарбаз жіберуге дайындалып жатқанын айыптады.
Еске сала кетсек, Украина президенті Зеленский жуырда Брюссельде «жеңіс жоспарын» жариялаған болатын.
Ал Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Think Tank форумының пленарлық отырысында Ресей-Украина арасындағы қақтығысты шешу мәселесі жөнінде де пікір білдірді. Онда Мемлекет басшысы Ресейдің жеңілмейтінін, Ресей мен Украина Қытай мен Бразилия ұсынған жоспарға келісуі керек деп санайтынын жеткізген.
Содай-ақ Оңтүстік Кореяның барлау қызметі КХДР Ресейге Украинамен соғысқа баратын сарбаздардың алғашқы партиясын жібергенін, ал зымыран офицерлері қазірдің өзінде соғыста екенін мәлімдеген.