Алматы әуежайында ұзын-сонар кезек пайда болды

Қалижан Бектемір

Алматының жаңа халықаралық әуежайындағы паспорттық бақылау жүйесінде ақау шығып, ұзын-сонар кезек пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Tengrinews.kz

ЖОЛАУШЫЛАР ШАҒЫМЫ

Жолаушылар әлеуметтік желілерде әуежайда ұзақ күткені туралы шағымдарын жазып жатыр.

Жүйенің жұмысын қалпына келтіру үшін жарты сағат қажет болған.

ӘУЕЖАЙ ХАБАРЛАМАСЫ

Паспорттық бақылау жүйесінде техникалық ақау болды. Ақаулар жойылды. Алдын ала тексеру мен сканерлеу кезінде проблемалар болмаған. Ақау себебінен рейстердің кешігуі байқалмады. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, – делінген әуежай хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Астана әуежайында бірнеше рейс кешіккенін жазғанбыз.