Ұлытау облысы жанармай тапшылығына ұшырады

Қалижан Бектемір

Ұлытау облысының әкімдігі үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz..

Фото: Kolesa.kz

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ

Өңірдегі кей жанар-жағармай құю бекеттерінде жеткізудің кешігуіне байланысты орын алған тапшылық жөнінде төмендегідей ақпаратты хабарлаймыз. Бүгін түнде жанар-жағармай тиелген 2 вагон, ал келесі күндері апта соңына дейін 16 вагон келеді деп күтілуде, – делінген өңір әкімдігінің хабарламасында.

ӘКІМ УӘДЕСІ

Жергілікті билік 23 қазанда жанар-жағармай сатудағы жағдай тұрақталатынына, бекеттердегі қолданыстағы шектеулер алынып тасталатынына сендіріп отыр.

Еске салсақ, жуырда облысты екі жылдан артық басқарған Берік Әбдіғалиұлы лауазымынан босатылып, жаңа қызметке тағайындалған болатын. Ал Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген 40 жастағы Дастан Рыспеков облыс әкімі болған еді.

Сондай-ақ жақында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанар-жағармай бағасына қойылған шектеуді алып тастауды жоспарлап отырғанын жазған болатынбыз.